Бас жаңалықтар
4 мың әлеуметтік осал топтағы азамат өтеусіз заң көмегін алды – Әмірғалиев
22 Қаңтар 2021, 10:38 299

4 мың әлеуметтік осал топтағы азамат өтеусіз заң көмегін алды – Әмірғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев 2020 жылдың атқарушылық іс жүргізу саласындағы жұмыс қорытындысы мен 2021 жылға арналған басым міндеттер туралы өткен алқа отырысында айтты. 

2020 жылы адвокаттық қоғамдастық 2019 жылмен салыстырғанда, 106 адвокатқа толықты және 5 480 құрайды. Кепілдік берген заң көмегін көрсетуге 1 млрд 813 млн теңге бөлінген. Мұндай көмекті 125 мыңнан астам азамат алған, 4 000 әлеуметтік әлжуаз азамат ерікті және өтеусіз заң көмегін алды, - деді ол. 

Оның айтуынша, АХАТ саласы бойынша әділет органдары 55 мыңнан астам құжатты апостильдеді. 

Әкімдіктер 760 мыңнан астам акті жазбаларын тіркеді. 2020 жылы министрлік мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіруде кешенді шараларды іске асырды. 2020 жылы 177 мыңнан астам сот сараптамасы жүргізілді. Ақылы қызметтер бойынша табыс 475 млн теңгені құрады. Ол 2019 жылмен салыстырғанда 81 млн теңгеге немесе 20,8 пайызға артық, - деді ол. 

Ол атағандай, 319 сот сарапшысының біліктілікті арттыру және компьютерлік технологиялар сияқты сараптаманың жаңа түрлері бойынша курстардан өтуі ұйымдастырылды. 

Сот-сараптамалық зерттеулердің 15 жаңа методикасы әзірленді. Жаңа кәсіби стандарттар бекітілді, сараптама сапасын бақылау және бағалау механизмі жетілдірілді, орталықтың 3 филиалына аккредитация жүргізілді. Аккредитациялауға тағы 6 филиал дайындалды. Сарапшылардың еңбекақысын көбейту мәселесі пысықталды. Желтоқсан айында медициналық сот сарапшыларының еңбекақысын жұмыс берушінің қаражаты есебінен 30 пайыздан 45 пайызға дейін, зейнетақылық жарнасын 5 пайызға көбейтуді көздейтін Үкімет қаулысы қабылданды, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...