4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

4 Маусым 2020, 18:52
1451
Бөлісу:
4 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Атырау, Алматы, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында ескерту жарияланды.

Қазгидрометтің мәліметінше, 5 маусымда Атырау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, солтүстік-батыс, солтүстіктен соғатын жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, оңтүстікте қатты 35 градус ыстық болады.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз батыстан солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде жерлерде 38 градус ыстық, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Сол күні түстен кейін Ақтауда найзағай ойнап, кешке солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетуі ықтимал.

5 маусымда күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.


Өзгелердің жаңалығы