5 маусымда екі қалада ауа сапасы нашарлайды

5 Маусым 2020, 09:23
1117
Бөлісу:
5 маусымда екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 5 маусымда еліміздің екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай орын алуы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Шымкент қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі. Түнде Атырауда қолайсыз ауа райы күтіледі.

Республиканың өзге шаһарларында метеорологиялық жағдай тұрақты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы