Бас жаңалықтар
5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жарияланады
01 Шілде 2020, 18:38 2062

5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жарияланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең Ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін Денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді, - деп жазды Президент.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен коронавирустық инфекцияны тұрақтандыру жөніндегі шараларға арналған онлайн брифинг барысында қатаң карантинге қатысты шешімді мемкомиссия қабылдайтынын айтқан болатын.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...