Еліміздің 5 спортшысы киокушинкайдан Әлем чемпионатының финалына өтті

8 Желтоқсан 2019, 10:20
14900
Бөлісу:
Еліміздің 5 спортшысы киокушинкайдан Әлем чемпионатының финалына өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы "Жекпе-Жек" сарайында  KWU  киокушинкайдан ерлер және әйелдер арасында салмақ дәрежелері бойынша  Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

_OLT1147.JPG

Әлем чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша – ерлерде тоғыз (60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95 және 95 кг жоғары) және алты салмақта әйелдер (50, 55, 60, 65, 70 және 70кг жоғары) өзара мықтыны анықтамақ.

_OLT2220.JPG

Чемпионатқа әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысып жатыр. Финалдық кездесуде ел намысын: ерлер арасында 70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 85 кг дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50 кг дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 60 кг дейін Екатерина Гурова, 70 кг дейінгі салмақта финалға Әлемгүл Сабырхан өтті.

_OLT2227.JPG

60 кг дейінгі салмақта Темірлан Жәнібек, 75 кг дейін Коваленко Артур, Сәдуақасов Нұрлыхан, 95 кг дейін Гарас Никита, 90 кг дейінгі салмақта Сүйінов Мерей, әйелдер арасында 55 кг дейінгі салмақта Иоанна Белых, 60 кг дейінгі салмақта Елизавета Липова, 65 кг дейін Тоғызбаева Эльнара, 70 келіден жоғары Жақсыбаева Ажар және Бочина Лидия қатарлы он спортшымыз қола жүлдені місе тұтты.

_OLT2829.JPG

Финалдық кездесулер бүгін 16.00-де "Жекпе-Жек" сарайында өтеді.

_OLT5824.JPG

Чемпионаттың ұйымдастырушылар – Қазақстанның Жауынгерлік Өнер Ассоциациясы,  Kyokushin World Union Халықаралық Ассоциациясы.

_OLT2592.JPG
Естеріңізге сала кететін бір жайт, Әлем чемпионаты Қазақстанда өтіп жатқандықтан Ұлттық құрама екі құраммен өнер көрсетіп жатыр.
Өзгелердің жаңалығы