5 желтоқсанға арналған ауа райы

5 Желтоқсан 2020, 09:38
1094
Бөлісу:
5 желтоқсанға арналған ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың кей жерлерінде қар жауады.

Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын көтеріліп, жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады. 

Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, боран соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз боран соғады. 

Жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарында тұман түсіп, жаяу бұрқасын көтеріледі. 

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Маңғыстау облысының солтүстігінде 23 градусқа дейін қатты аяз сақталады.



Өзгелердің жаңалығы