Бас жаңалықтар
51 судья кәсіби  жарамсыз болып танылды - Асанов
23 Қазан 2020, 11:28 618

51 судья кәсіби жарамсыз болып танылды - Асанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов  Қазақстан судьяларының VIII съезінде 1,5 жылда  51 судья кәсіби  жарамсыз болып танылғанын айтты.

Судьялардың құзыретін анықтау үшін жаңа әдістеме бойынша бес жылдық бағалауды жүргізіп отырмыз. Дүниежүізілік банк сарапшылары мұны жоғары бағалады. Оның мәні IT жүйе автоматты түрде тәуекел тобын анықтайды. Біз оларды судья лауазымына үміткер ретінде құралдар арқылы тексереміз. Бұрын 100 судьяның біреуі бағалаудан құрайтын. Қазір 100 судьяның  ішінен 10-ы өте алмайды. Өткен 1,5 жылдың ішінде кәсіби жарамсыз болып 51 судья танылды. Бұл өткен 10 жылдың бүкіл нәтижесін қосқандағы нәтиже. 3 жылда барлық судьяның 84 пайызы бағалаудан өтеді, - деді ол. 

Асанов атап өткендей, сот шешімдерінің жаңа форматы енгізілді. Алғаш рет барлық істер санаты бойынша қылмыстық-әкімшілік тәртіптерінің екі тілдегі үлгілер жинағы жарық көрді. 

Судьялар шешім қабылдған соң, неге ондай шешім қабылдағанын процеске қатысушыларға түсіндіреді. Судьяларға шешімді қалай дайындау керек және оны қалай түсіндіруді үйретіп жатырмыз. Нәтижесінде, жоғары тұрған соттардың үкімдері мен шеімдеріне шағымдар 30 пайызға қысқарды,-  деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, Жақып Асанов  Қазақстан судьяларының VIII съезінде сот жүйесіне енген өзгерістер туралы айтқан болатын.



Фото: дереккөз
Загрузка...