523 отбасы жаңа қонысқа ие болды – әкім

19 Ақпан 2020, 12:12
1305
Бөлісу:
523 отбасы жаңа қонысқа ие болды – әкім

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жөнінде бүгін өңір тұрғындары алдында есеп берген облыс әкімі Даниал Ахметов хабарлады. 

Әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардың балалары біздің ерекше бақылауымызда. 2019 жылы оларды қолдау мақсатында 2,1 миллиард теңге бөлінді. Биылғы жылға 3,7 млрд теңге қарастырылды. Арнайы облыстық бағдарлама аясында көп балалы, азқамтылған және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 3764 бала балабақшаларға ақысыз барды, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды, өткен жылы 34 мың оқушы мектеп формасын тегін алды. Биылғы жылы 37 мың баланы формамен қамтамасыз етеміз. Көпбалалы, азқамтылған отбасылардың балаларына стипендия, ақысыз жол жүру және тамақтану қамтамасыз етіліп, университеттер мен колледждерге 1747 грант бөлінді. Сонымен қатар, биылғы жылы 21 мың 500 балаға қоғамдық көліктерде жеңілдікпен жол жүру қарастырылды, - деді облыс әкімі.

Бұдан бөлек, облыста көп балалы отбасыларды кезең-кезеңімен тұрғынүймен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өткен жылы кезекте тұрған 1763 тұрғынның ішінен 523 көп балалы отбасы жаңа қонысқа ие болды, оның ішінде ауылды жерде тұратындарға басымдылық берілді. Сондай-ақ атаған санаттағы тұрғындарға кезектілікті 2020 жылдан бастап, 2022 жыл аралығында үш кезенге бөлу жоспарланып отыр.


Өзгелердің жаңалығы