Жеңіс Қасымбек: Биыл 5600 отбасы баспаналы болады

19 Ақпан 2020, 18:16
1452
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек: Биыл 5600 отбасы баспаналы болады

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Елбасы Н.Назарбаев 2030 жылға қарай тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай Қарағанды өңірінде түрғын үй құрылысының қарқыны артып, бір жарым есеге ұлғайған. 

Қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары жайлы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беру жиынында баяндады.

Бүгінгі таңда облыстың 37 мыңға тарта тұрғыны мемлекеттік тұрғын үй қорнынан баспана кезегіне тұр. Қарағанды облысы бойынша 99 мың адамның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары болса, "Бақытты отбасы" бағдарламасына 759 адам ниетті бар

Біздің маңызды міндеттеріміздің бірі – қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. 2019 жылы 421 мың шаршы метр тұрғын үй салынды. Бұл 3800 пәтер. Оның ішінде барлық мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 1148 отбасы пәтер кілттерін алды. Бүгінде 226 отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасы арқасында қоныс тойын тойлап жатыр. Биылғы жылы біздің мақсатымыз – тұрғын үй құрылысын бір жарым есеге көбейту. Жыл соңына дейін біздің жоспар бойынша 5600 отбасы жаңа 2021 жылды өз үйлерінде қарсы алуы үшін 630 мың шаршы метрден астам тұрғын үй тапсыруымыз қажет. Оның ішінде 2600 пәтер әлеуметтік мұқтаж адамдар үшін, - деді Жеңіс Қасымбек.

Қазіргі уақытта аймақ бойынша 1800 көпбалалы отбасы кезекте тұр. Алдағы екі жыл ішінде осы отбасылар толығымен пәтермен қамту жоспарланған. Биылғы жылдың соңына дейін 850 көпбалалы отбасы жалға берілетін баспанамен толық қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жетім балалардың пәтер кезегін жылжыту мәселесе де күн тәртібінде.

2020 жылы түрғынн үй құрылысын аймақ бойынша бір жарым есеге, ал облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарын екі есеге арттырамыз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар деп ойлаймын. Дегенменде, қазіргі уақытта салынып жатқан кейбір үйлердің сапасына байланысты сұрақтар туындап отыр. Бұл мәселелердің барлығы менің жеке қарауымда, - деп сендірді әкім.

Өзгелердің жаңалығы