Бас жаңалықтар
#Желмая. 5G антенналарынан коронавирус тарайтыны рас па?
VIDEO
18 Қараша 2020, 13:22 560

#Желмая. 5G антенналарынан коронавирус тарайтыны рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының бүгінгі қонағы – «Қазақтелеком» АҚ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің директоры Әмірәлі Әжібекұлы.

Жыл соңына дейін 1000 ауылға интернет тартып үлгере ме? Қазақстанда неліктен бағасы қымбатқа түсетін оптикалық-талшықты интернет тартуға құмар? 250 және одан аз тұрғыны бар ауылдарға интернет тарту өзін-өзі ақтай ма? Халықтың цифлық сауаты қандай? Неліктен интернетті дұрыс пайдалануды білмейміз? Ауылдарды интернетпен толық қамтамасыз ету арқылы қала мен ауыл арасындағы теңсіздік жойыла ма? 5G антенналарынан коронавирус тарайтыны рас па? Осы және өзге сұрақтарға Әмірәлі Әжібекұлы жауап берді.


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада мультимедиалық жоба. 

Жобаның бұған дейінгі қонағы Медицина ғылымдарының кандидаты, Денсаулық сақтау ісінің үздігі Жұпар Наханова болған.



Фото: BAQ.KZ
Загрузка...