60 млн теңге пара алған шенеуніктер сотталды

5 Наурыз 2021, 13:17
1528
Бөлісу:
60 млн теңге пара алған шенеуніктер сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров айтты.

ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарларына қатысты тергеуді аяқтады. Олар «Риддер қаласындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ 300 орындық оқу корпусы» объектісін салу кезінде бюджет қаражатын ұрлау және аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша тергелді, - деді тергеуші брифингте.

Бекайдаровтың сөзінше, асы саладағы сыбайлас жемқорлық қылмыстары халықты ауыз сумен қамтамасыз ету сияқты өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдық объектілерді салу кезінде де жасалады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы И.А.Әбішевке және «Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы» Халықаралық қоғамдық бірлестігінің бұрынғы вице-президенті С.А.Түкиевке қатысты бұрын сотқа дейінгі тергеу жүргізді, - деп түсіндірді ол.

Олар «Соколов топтық су құбырын реконструкциялау және қосылған ауылдық елді мекендердің таратушы желілерін салу, екінші кезек» қызметтерін мемлекеттік сатып алу бойынша шарт жасасқаны үшін «Қазбайлық Астана» ЖШС өкілі А.К.Шаймерденовтен 60 млн теңге сомасында өздерінің сенімді тұлғалары арқылы пара алды деген күдікке ілінді.

2020 жылы Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Әбішев пен Түкиевке тиісінше 5 және 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп атап өтті Данияр Бекайдаров.
Өзгелердің жаңалығы