7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22 Қараша 2020, 16:31
1133
Бөлісу:
7 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның жеті облысында көктайғақ пен тұманға байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет РМК 

23 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады.

Нұр-Сұлтанда тұман түседі.

Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде қар жауып, көктайғақ болады. 23 қарашада да таңертең және күндіз қар, көктайғақ күтіледі.

23 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Шымкентте түнде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Жамбыл облысының кей жерлерінде де тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 23 қарашаға қараған түні оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Өзгелердің жаңалығы