8 балалы отбасы баспаналы болды

18 Ақпан 2020, 16:01
1978
Бөлісу:
8 балалы отбасы баспаналы болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін 8 баласымен вагонда тұрып жатқан отбасы туралы эксклюзив материал жазған едік.

Бүгін сол отбасы елорданың төрінен 2 бөлмелі үй алды. 8 баланы тәрбиелеп отырған Айнұр Ысқақованың қуанышын бөлістік.
Үй береміз дегенге сенбеп едім. Себебі мен бармаған жер жоқ. Әкімдік те жағдайымды біледі. Барлығы хабардар. Алайда, сіз жазған материалдан кейін көмек қолын созған азаматтардың табылғанына қуаныштымын. Азық-түлік, киім-кешек әкелгендер де көп болды. Ал бүгін қуанышымыз еселенді. Отбасымызбен 2 бөлмелі үйге көшеміз. Азаматтар көлікпен келіп отбасымызбен алып кетті. Үй осы елордада Сейфулин көшесінің басында орналасқан екен. Подъезді кіріп көрдік. Қатты ұнады. Енді Алла жазса 2 аптадан кейін үй толық беріледі. Қоныстойға келіңіздер, - деді Айнұр Ысқақова.
Айнұр Ысқақованың отбасынан бөлек тағы 3 отбасы бапаналы болды. 
Бізден басқа тағы 3 отбасыға үй берді. Жалғыз өзі бала тәрбиелеп отырған екі ана, бір жалғызбасты әке қуанып қалды, - деп бөлісті қуанышын Айнұр Ысқақова.

Елордалықтар 8 баласымен вагонда тұратын отбасыға көмектескені туралы да осыған дейін жазған едік. Бұдан бөлек бүгін елорда "Гастрономия көшбасшылары" Қазақстан бас аспазшылар клубыны  "Dears" мейрамханасына мүмкіндігі шектеулі балалар мен мұқтаж отбасылардың балаларына арнайы ас әзірлеп, арнайы бағдарламамен көңілдерін көтерген болатын.

Елордалық 4 отбасыға пәтер кілтін табыстаған G-Park құрылыс компаниясы.

Бұған дейін BAQ.KZ ақпарат агенттігінің редакциясына компания өкілдері қоңырау шалып, отбасы туралы сұрады және 8 баласы бар отбасыға көмектескісі келетіндерін мәлімдеді. 

Содан кейін олар Айнұр Ысқақовамен танысып, тұрып жатқан вагонын көреді. 

Әйтсе де, пәтер бере салу оңай емес. Компания ішінде қызметкерлер дауыс беріп, Айнұр Ысқақованың отбасына 2 бөлмелі пәтер беруге шешім шығарады.

Осылайша елордалық G-Park құрылыс компаниясы мен қайырымды қызметкерлері 10 адамға бақыт сыйлады. 

Ал, компания басшысы Ғабит Сәтмағамбетов кілт табыстау сәтін өзінің Instagram парақшасында жариялады.


Өзгелердің жаңалығы