8 млрд доллар көлемінде сыртқы қарыз өтелді – Есімов

4 Маусым 2020, 22:28
1544
Бөлісу:
8 млрд доллар көлемінде сыртқы қарыз өтелді – Есімов

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. "Самұрық-Қазына" қорының биылғы таза кірісі 1,2 трлн-нан 167 млрд теңгеге дейін төмендеуі мүмкін. Бұл туралы "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлімдеді.

Ол әлемдік экономикадағы рецессия мен қауіпті індеттің кеңінен таралуы Қор тобына кіретін компаниялардың жұмысына айтарлықтай әсер еткенін айтты. 
Осыған орай компаниялардың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданып, іске асырылып жатыр. Қордық биылғы таза кірісі 1,2 трлн-нан 167 млрд теңгеге дейін төмендейді деп күтілуде. Әсіресе ҚазМұнайГаздың кірісі 8,4% төмендеуі мүмкін. Әуе және теміржол жолаушылар ағыны 40% дейін төмендеуі күтілуде. Осыған байланысты бірқатар шаралар қолға алынды, - деді Есімов.
 
Сонымен қатар, ол жақында 2019 жылдың қаржылай есебі алынғанын айтты. Онда қордың сатылымнан түскен кірісі - 31% өскен, активтердің құны 30%, таза кіріс 2 есеге өскен.
Қазір қаржылай қор құрылды. 8 млрд доллар көлемінде сыртқы қарыз өтелді. Бұл жыл сайын валюта қажеттілігі үшін сыртқы қарыздарға қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражатты 260 млрд теңгеге төмендетуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ қазіргі қиын жағдайды ескере отырып компанияның күрделі операциялық шығыстарын 420 млрд теңгеге қысқарттық, - деді Есімов.
Өзгелердің жаңалығы