8 наурыз күні оқушы қыздар метрода тегін жүре алады

6 Наурыз 2021, 14:18
2170
Бөлісу:
8 наурыз күні оқушы қыздар метрода тегін жүре алады

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. 8 наурызда «Метрополитен» КМК мен Республикалық «QAZBILIM» орталығының ұйымдастыруымен Тəуелсіздіктің 30 жылдығына орай мектеп жасындағы барлық қыз балаларға арналған «Qazbilim-мен метрода тегін жүр» акциясы өтеді.

Бұл туралы «Метрополитен» КМК Facebook-тегі парақшасында жазды.
 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Күнделікті мəселелерді шешумен қатар, балалардың бəріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да, сапалы білім алуы керек» деп қолжетімді əрі сапалы білім туралы ерекше атап өткен болатын.

Акцияны ұйымдастырудағы басты мақсат – пандемия салдарынан мектептен қол үзіп, білім ордасынан шеттеп қалған оқушылардың білімге деген құштарлығын оятып, метрополитенде сапалы білім алуға шақыратын буклеттер мен брошюралар тарату. 
 

Акция аясында кез келген мектеп жасындағы қыз бала Алматы қаласындағы кез келген метро стансасынан тегін жетон алып, қалаған жеріне жете алады, - делінген хабарламада.
 



 

Өзгелердің жаңалығы