80 жыл бойы нәр татпаған үндістандық йог қайтыс болды

28 Мамыр 2020, 16:33
9640
Бөлісу:
80 жыл бойы нәр татпаған үндістандық йог қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістандық йог Прахлад Джани 91 жасына қараған шағында қайтыс болды. Джани 1940 жылдан бері нәр татпаған. Әйгілі йогтың қайтыс болуы туралы "Югал Саркар" қайырымдылық қоры Twitter-де хабарлады.

Прахлад Джани барлығымызбен қош айтысты, - деп жазылған хабарлама.
Джани 1929 жылы Үндістанда дүниеге келген. Оның айтуынша, жеті жасқа толғанында Джунглиде тұруға кеткен. 12 жасында бала үнділік құдай Амба - Шива құдайы әйелінің ізбасары болған.

Йогамен айналысатын Джана Амбаның арқасында тамақсыз, сусыз өмір сүрген.

Дәрігерлер Прахладты 2003 және 2010 жылдары тексерген.  Дәрігерлер йогтың 10 күнде ештеңе жеп, ішпегенін анықтаған. Ол ешқандай аурумен де ауырмаған. Әрқашан сергек, әрі жігерлі болып жүрген. 

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары йогтың денсаулығы сәуір айында сыр бере бастағанын айтады.
Айта кету керек, йога адамның миына қатты әсер етеді.
Өзгелердің жаңалығы