83 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды

27 Қазан 2020, 21:15
30269
Бөлісу:
83 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Былтыр тамызда өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешті жар еткен әнші Нұрғали Нүсіпжанов ұлды болды. Бұл туралы zakon.kz жазды.

Бір жыл бұрын танымал әнші ағамыз дүркіретіп той жасап, қоғамның беткеұстар тұлғалары онда қонақ болған еді. Журналистер де бұл оқиғаны қалт жібермей, жан-жақтан отбасын құрушыларға сұрақтарды қарша боратқан. Соның бірінде Нүсіпжанов әйелі өзіне ұл сыйласа, арманы болмасын айтып қалған. Міне, сол арман орындалған күн де келді. 

Шығармашылық өкілдері арасында Жадыра Сейдештің ұл босанғаны жайлы мәлімет желдей есуде. Ал Нүсіпжановтың өзі бұл қуанышты оқиғаға қатысты әлі тіс жарып, ештеңе айтпады.

Дегенмен "Папарацци" бағдарламасы журналистері ағамызды тауып алғанда, ол кетуге қатты асықты. Тек: "Бәрі жақсы!" - деп қысқа қайырды ел ағасы.



Өзгелердің жаңалығы