89 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды – Жақсымбетов

23 Қазан 2020, 18:17
1615
Бөлісу:
89 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды – Жақсымбетов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 89 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деді Агенттіктің Стратегия және жедел басқару департаментінің басшысы Нұрлан Жақсымбетов «AntikorNews» барысында. 

Антикордың жедел-тергеу жұмысы бойынша есептік кезеңде 2140 қылмыс тіркелді. Ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары 15%-ға артты, жүйелі жемқорлықтың 102, бизнес істеріне заңсыз араласудың 154 фактісінің жолы кесілді.

Өтелген залал сомасы өткен жылдардың жылдық көрсеткіштерінен біршама асып, 39,5 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңда бұл - басты басымдық, - деді ол. 

Жақсымбетовтың айтуынша, 9 айда жемқорлық үшін республикалық деңгейдегі – 34, облыстық – 72, қалалық және аудандық деңгейдегі 89 басшы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Дағдарысқа қарсы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауға ерекше назар аударылуда. Агенттік экономиканы қалпына келтіруге ондаған миллиард бюджет қаражаты игерілетін «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруды жіті қадағалауда. Қазіргі таңда 5 өңірде қылмыстар анықталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның қызметінде цифрландырудың рөлі артып келеді.тАгенттіктің алдын алу бағыты it-құралдар есебінен бұрыннан жұмыс істеп келеді. Тергеу бөлімшелері де электрондық форматта белсенді жұмыс жүргізуде. Өндірістегі электрондық қылмыстық істердің жартысы жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу тәртібінде сотқа жолданған, - деді ол. 

Оның айтуынша, «Цифрлық Антикор» жобасы аясында басқа да қызметтер цифрлық жолға көшеді. 

Атап айтқанда, ведомстволық статистика мен кадрлық есепті қалыптастыру автоматтандырылады. Жасанды интеллектті қолдана отырып, талдамалық барлаудың заманауи технологияларын енгізу мүмкіндіктері пысықталуда, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы