9 көлік ұрлаған түркістандыққа сот үкімі шықты

27 Ақпан 2021, 04:24
1276
Бөлісу:
9 көлік ұрлаған түркістандыққа сот үкімі шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 9 автокөлік ұрлаған ер адам 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ұрланған автокөліктің барлығы Тәжікстан азаматтарына тиесілі болған, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Белгілі болғандай, сотталған адамның үйі Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» шекара бекетіне жақын орналасқан. Үйінің жанынан автотұрақ ашқан. Шетелдіктер көлігін автотұрағына қалдырған. Алайда үй иесі көліктен көбірек пайда тапқысы келген сияқты.

6 автокөлікті сатып, үшеуін бөлшектеп, саудаға шығарыпты. Сөйтіп ізін жасырған. Сол кезде барлығы 11 млн теңге шығын келтірген. 31 жастағы ер адам бұған дейін де алаяқтық әрекеті бойынша сотты болған.

Бүгінгі таңда автокөліктердің барлығы иелеріне қайтарылды. Ал қылмыскер 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, – Түркістан облысы ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Өзгелердің жаңалығы