Ақпарат министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын әзірлейді – Балаева

17 Қыркүйек 2020, 12:24
1501
Бөлісу:
Ақпарат министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын әзірлейді – Балаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақпарат министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын әзірлейді. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева  ақпаратқа қол жеткізу  мәселелері бойынша комиссияның отырысында айтты. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасын әзірлеуге кіріседі. Бұл - Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тікелей тапсырма. Сондықтан қазір біз жұмыс тобын құрып жатырмыз. Заң жобасының нормаларын  азаматтық институттармен кеңінен талқылаймыз, - деді ол. 

Министр бұл жұмыс жақсы нәтиже беретініне үмітті екенін айтты. 

Күн тәртібіндегі барлық тақырып толық талқыланды. Әрине, көтеріп отырған әрбір мәселенің маңызы өте зор. Олар бойынша тиісті шешімдерді бірлесе қабылдайтын боламыз. Комиссия хаттамасы болады. Бұл жерде бүгін айтылған ұсыныстар қамтылады. Жұмыстың нәтижесі хаттама арқылы қатысушыларға жеткізіледі, - деді министр. 

Айта кетейік, комиссия отырысында ашық үкімет пен азаматтардың дербес деректерінің қорғалуы, ақпаратқа қол жеткізудің ашықтығы сынды мәселелер талқыланды.

Өзгелердің жаңалығы