АҚШ президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады

26 Наурыз 2020, 12:05
1958
Бөлісу:
АҚШ президенті Тоқаевты Наурыз мерекесімен құттықтады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Құрметті Президент мырза, Сізге, Сіздің отбасыңызға және Қазақстан халқына қуанышты да бақытты Наурыз тілеймін. АҚШ-та, Қазақстанда және бүкіл әлемде Наурыз бірлік, мейірімділік, жаңару мерекесі бола отырып, адамдарды достыққа біріктіретін мейрам. Биылғы жылы біз үлкен экономикалық дамуға қол жеткіздік. Сіздің американдық бизнес үшін қолайлы болып табылатын реформалар жүргізіп отырғаныңызға қуаныштымын. Сондай-ақ, біз Ауғанстанға бейбітшілік орнату бағытында жұмыстар атқарудамыз. Мен екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастық үшін болашақ мүмкіндіктерді жасауға ниетті екенімді білдіремін. Наурыз құтты болсын! Ізгі тілекпен, Дональд Трамп, – делінген құттықтау хатта.
WhatsApp Image 2020-03-26 at 12.37.41.jpeg
Өзгелердің жаңалығы