АҚШ-та Евровидение байқауының баламасы пайда болады

8 Тамыз 2020, 11:43
1207
Бөлісу:
АҚШ-та Евровидение байқауының баламасы пайда болады

Алматы, BAQ.KZ. АҚШ-та Евровидение халықаралық ән байқауының баламасы пайда болады. American Song Contest атты байқау келесі жылдан бастап қалың көрерменге жол тартпақ.

Variety басылымының жазуынша, америкалық ән байқауында 50 штаттың өнерпаздары сайысқа түседі. Оған жеке орындаушылар, дуэт және алты адамға дейінгі топтар қатыса алады. 

Сондай-ақ, American Song Contest байқауын өткізгенге дейін байқау академиясы құрылады. Оның өкілдері артистер мен мәдениет қайраткерлерін әділ қазы мүшелігіне таңдайды.

Айта кетсек, дәстүрлі Евровидение байқауы осы жылы пандемияға байланысты өтпей қалды. Келесі байқау  Роттердам қаласында мамырдың 18-22 аралығында өтеді деп жоспарланған.
Өзгелердің жаңалығы