АҚШ ұзақ соғысқа барғысы келмейді – Әзімбай Ғали

8 Қаңтар 2020, 16:18
12218
Бөлісу:
АҚШ ұзақ соғысқа барғысы келмейді – Әзімбай Ғали

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ атып өлтірген генерал Қасым Сүлеймани террористік ұйымдарды қолдап отырған. Кісі өлтіру, теріс бағдар жіберу сияқты тапсырмаларды беріп, қаржы бөліп келген. Бұл туралы саясаттанушы Әзімбай Ғали Baq.kz тілшісімен тілдесу кезінде айтты.

Оның айтуынша, Иран империялық пиғылдағы агрессивті мемлекет. Халқының 53 пайызы ғана парсы, 20 миллиондай әзірбайжан және күрттердің көбі сонда көрінеді.
Иранда әсіре діншіл молдалар режимі орнаған. Оларда билік пен дін бір. Белсенді молдалар кезіндегі коммунистер сияқты, шаш ал десең, бас алатындар. Олар КСРО-ның тағдырын қайталап келе жатыр. Қазіргі режимі құласа Иран ыдырап кетеді, - дейді саясаттанушы.
Сонымен қатар, ол генерал Қасым Сүлейманиді жерлеу кезінде халықтың көп жиналып, үкіметті қолдауын ондағы тоталитарлық биліктің әсерінен деген ойын білдірді.
Коммунистік және фашистік режимдер ұқсас келеді. Бір билік. Бас көтергендерді жаншып, концлагерге тығады. Совет үкіметінен қанша зардап шексе де менің әке-шешем Сталин өлгенде жылапты. Сол сияқты тоталитарлық режимде бір жағынан халық шықпауға қорқады, екінші жағынан насихат көп. Яғни мұндай режим халыққты зомбиге айналдырады. Жалпы қазаққа Иранның ыдырағаны жақсы. Өйткені ол исламистік бағыттағы КСРО-ның бір түрі,-дейді Ә.Ғали.

Оның айтуынаша, АҚШ пен Иран арасында соғыс бола қалса біріншіден мұнай бағасы қымбаттайды. Ол бізге пайдалы болмақ.
Ол кезде Иран өз мұнайын нарыққа мүлдем шығара алмай қалады. Екіншіден, Батыс Альянсының алдында біздің қажеттілігіміз өсуі мүмкін. Өйткені Маңғыстау Иранға жақын. Ал, Ресей Иранның одақтасы болғандықтан қару-жарақпен қолдау көрсетеді. Ресей мен АҚШ арасы қазір нашар. Америкаға көмектеспеңдер деп олар бізді тежеуі мүмкін. Біз Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанқай ынтымақтастық ұйымындамыз. Сондықтан Иран тағдыры бойынша бізге де ұсыныстар түсуі мүмкін, - дейді ол.
Сондай-ақ, ол Америка қазір теңіз күштерін жақындатып, соғысуға дайын отырғанын жеткізді.


Менің байқағаным, қазір АҚШ ұзақ соғысқа барғысы келмейді. Олардың бір әдеті соғыс басталмай тұрып "соғыс керек жоқ" деп бас тартады. Қазірдің өзінде Трампты жақтырмай, маңайындағылары соғысты қолдамай жатыр. Екінші жағынан оларда әскери өндірістік лобби бар. Өндірілген зымырандарды белгілі уақыттан кейін жару керек. Ол қару-жарақ өндіретін елдердің барлығына тән. Сондықтан Иранды зымырандарын атқылайтын аумақ ретінде пайдалануы мүмкін, - дейді ол.

Оның пайымдауынша, Иранның Американың ішінде жарылыс жасаймыз деп қорқытып жатқаны Трамп үшін тиімді болып отырған көрінеді.
Ол бұны өз пайдасын шешеді. "Елімізді жарайын деп жатыр, сондықтан шара қолдануым керек" деп абырой жинауы мүмкін. Алдында айтып жүрген импичменті де болмай қалады. "Жау жағадан алғанда, ішімізден іріткі салғандарың не" дегендей құтылып кететін сияқты. Олар үшін ең тиімдісі ең қысқа мерзімді соғыс, - деді ол.
Саясаттанушының ойынша, енді алпауыт елдер Иранға нақты ядролық бағдарлама жасатқызбайды. Сонымен бірге алдағы уақытта туризм мәселесі күрделеніп, Таяу Шығысқа, оның ішінде Иранға, Израилге бару қиындай түспек.


Өзгелердің жаңалығы