Ақтөбе әкімі өңірдегі кәсіпорындарды аралады

23 Мамыр 2020, 05:29
1233
Бөлісу:
Ақтөбе әкімі өңірдегі кәсіпорындарды аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 22 мамыр күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қалада атқарылып жатқан бірнеше жұмыстармен танысты, деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы алдымен бөлме есіктерін шығармуен айналысатын "WestLineDoors" ЖШС-да болды. 2015 жылы ашылған кәсіпорында жергілікті 45 азамат жұмыс жасайды. Айына 5000 есік шығарады. Еліміз бойынша тапсырыстар қабылдайды, заманауи әрі ұлттық үлгідегі есіктерге сұраныс жоғары.

Бұдан соң автоцистерна шығаратын "НПО Автотехника" ЖШС автоцистерна шығарушы цех жұмысымен танысты. 2017 жылы жұмыс бастаған цех айына бес цистерна шығарады. Дегенмен, карантиндік жағдайға байланысты цех жұмысы біршама тұралап қалған. Жоба жетекшісі Ринат Дүйсенбеков өңір басшысына сұраныстың күрт төмендегенін, қаржылық қиындықтарға тап болғандығын жеткізді.

Облыс әкімі кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тлеумуратовқа кәсіпкерге жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Оңдасын Оразалин 2016 жылы "Жас Старт" бағдарламасы аясында ашылған "Nice Hostel Aktobe" хостелі, және құрылыс заттарын сататын "Шебер Профи" ЖШС-ің жұмыстарын көрді. Азаматтар көп келетін орындардың қауіпсіздік шараларын бақылады. Бір уақытта 42 азаматқа қызмет көрсетуге арналған хостел Батыс еуропалық үлгіде жасалған. Ақтөбе қаласына келуші қонақтар, шетелдік туристерге ыңғайлы жағдай қарастырылған.11 азамат жұмыс жасайды.

Өңір басшысы Есет батыр көшесінде орналасқан жолаушылар скверін қайта құру жұмысының жоспарымен, сондай-ақ Абай даңғылында жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын көрді. Скверді қалыпқа келтіру жұмысы мамырдың 25 де басталады. Мұнда абаттандыру, жарықтандыру, балалар ойын алаңын салу, спорттық алаң, аллея салынады. "АССАНА-ДорСтрой" ЖШС жүргізіп жатқан Абай даңғылындағы құрылыс жұмысына 120 млн теңге қаралған. Ұзындығы 2 шақырымға жуық жолды орташа жөндеу осы жылдың шілде айында аяқталады.

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин қала әкімі Асхат Шахаровқа аталған жұмыстардың сапалы, әрі уақытында аяқталуын қадағалауды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы