Ақтөбе облысында 1000 армян көлігі тіркелді

12 Тамыз 2020, 15:02
1318
Бөлісу:
Ақтөбе облысында 1000 армян көлігі тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында бүгінде мың армян есебіндегі автокөліктер тіркеуге алынды, деп хабарлады Polisia.kz.

Армениядан әкелінген мыңға жуық автокөлікті ақтөбеліктер 2020 жылдың 1 маусымынан бастап тіркеді. Полиция 1 қыркүйекте аталған автомобильдерді тіркеу мерзімі аяқталатынын және тіркелмеген автокөліктердің барлық иелері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын еске салды.

Армениядан Ақтөбе облысына екі мыңнан астам автокөлік әкелінді. Бүгінгі күні ресми деректер бойынша Ақтөбе облысының аумағында 965 автокөлік құралы есепке алынды, бұл тек 43% – ды құрайды. Азаматтардың автокөліктерді тіркеу жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асырылып жатыр. Бір күнде 60-тан аса автокөліктер тіркеуге алынған. Облыстық Полиция департаменті автокөлік иелерін автокөліктерді тіркеуге асығуға шақырады, өйткені тіркеудің соңғы күндерінде арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында адамдар көп жиналуы мүмкін, бұл бірінші кезекте азаматтарға қолайсыздық тудырады. Естеріңізге сала кетейік, қаулыға сәйкес көлік құралын тіркеу құны 11 946 теңгені құрайды.

Оған 695 теңге (0,25 АЕК) – тіркеу үшін алым; 3 773 теңге (1,25 АЕК) – тіркеу куәлігі үшін баж; 7 778 теңге (2,8 АЕК) – мемлекеттік нөмір үшін баж кіреді. Тіркеу ережелерін түсіндіру үшін Полиция департаментінде 525-100 телефоны бойынша Call-орталық жұмыс істейді. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін жұмыс регламенті өзгерді, қабылдау сенбі күні сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін жүргізіледі, сондай-ақ жұмыс күндері жұмыс тәртібі 09:00-ден 17:00-ге дейін ұзартылды. 


Өзгелердің жаңалығы