Ақтөбе облысының әкімі Қарақалпақстан еліне жұмыс сапарымен барды

25 Ақпан 2020, 10:57
2902
Бөлісу:
Ақтөбе облысының әкімі Қарақалпақстан еліне жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Нүкіс қаласында болды. Қарақалпақстан республикасы Жоғары кеңесінің төрағасы Мұса Ерниязовпен кездесті.

Біз елдеріміз бен халықтарымыздың игілігі үшін әріптестік және өзара тиімді қатынастарды нығайтуға ұмтылуға тиіспіз. Бауырлас  мемлекеттердің қарым-қатынасы одан әрі нығая беретініне сенімім мол, - деді Мұса Ерниязов.  

Кездесу барысында   сауда- саттық, экономикалық, мәдени қарым- қатынастар жайы талқыланды.

Қазақстан мен Өзбекстан бауырлас мемлекеттер болып табылады, бізді ортақ түркі тамыры, рухани мұра біріктіреді. 
Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі. 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналым 29,7 млн АҚШ долларын құрады - деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Бұдан соң, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов пен Қарақалпақстан Республикасы Министрлер кеңесінің орынбасары  Инвестиция және сыртқы сауда министрі Бақытжан Хабибуллаев экономикалық әріптестікті нығайту жөніндегі меморандумға қол қойды.

Өңір басшысының жұмыс сапары И.В. Савицкий атындағы мемлекеттік өнер музейінде жалғасты. Мұнда Қ.Жұбанов және С.Бәйішов университеттерінде білім алып жүрген  студенттермен және Нүкіс қаласында тұратын қандастармен кездесті. 

Айта кететіні, қалада 300 мыңнан аса қазақтар тұрады.  Өңір басшысы Ақтөбе өңірінің экономикалық потенциалын, атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өтті.

Жиыннан соң облыс әкімі бастаған делегация музейді аралады. Аймақ басшысы мұражай альбомына тілек жазып, қолтаңбасын қалдырды.

Музей ғимараты  1966 жылы бой көтерген. Шамамен  100 мың тарихи  коллекциялардан тұратын  Орталық Азиядағы үлкен мұражай саналады.

Өзгелердің жаңалығы