Ақтауда бокс орталығы пайдалануға беріледі

5 Маусым 2020, 01:34
1160
Бөлісу:
Ақтауда бокс орталығы пайдалануға беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда бокс орталығы пайдалануға беріледі. Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте айтылды.

Қазіргі таңда Ақтау қаласында салынып жатқан "Бокс" орталығының құрылысы 90% аяқталды. Жоспар бойынша тамыз айында қолданысқа берілмек. Мұнда 6 спорт түрімен айналысуға мүмкіндік болады. Олар: қазақ күресі, бокс, грек-рим күресі, каратэ, таеквандо және ауыр атлетика. Спорт кешеннің сыйымдылығы 20 мың м.кв, жанында 99 адамға арналған қонақ үй бар. Жүзу бассейні, баскетбол, волейбол, футбол стадиондары бар. Сонымен қатар, жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы аясында бірнеше спорт нысаны жөндеуден өткізілмек. Олардың 3-еуі Ақтау қаласында, 1-еуі Жаңаөзен каласында, үшеуі Маңғыстау ауданында.

Қыркүйек айында біз Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл іс-шара облыс дәрежесінде осы жылдың ең ауқымды іс-шаралардың бірі болмақ. Облыс бойынша барлық тұрғындарды президенттік тестілеуге шақырамын. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталатын болады, - деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қанат Жұмабаев.



Өзгелердің жаңалығы