Абаев қызметінен алынған екі әкімге қатысты пікір білдірді

18 Маусым 2021, 13:31
2336
Бөлісу:
Абаев қызметінен алынған екі әкімге қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев «Ашық диалог» бағдарламасында СҚО-дағы Айыртау және Есіл аудандары әкімдерінің қызметінен босатылуына байланысты пікір білдірді.

Мұны «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының өмірде іске асуы деп айтуға болады. Бірақ әкімдерді қызметінен алу – мемлекет басшысының бұл келеңсіздікке назар аударуының бір бөлігі ғана. Бұл жұмыс науқаншылдыққа салынбай, сан қуалап кетпей іске асуы керек,- дейді Дәурен Абаев.
Ол  халықты көшіру тікелей адамдардың тағдырына байланысты екенін айтты.  
Қоныс аударушыларға жағдай жасау қажет. Бұл – аксиома.Тек әкімдікке шағымдана бермей, өз тағдыры үшін жауапкершілікті өз қолдарына алуы керек. Көбі сұрап жатыр. Аудан әкімдеріне неге қатаң жаза қолданылды? Оны да оңай түсіндіруге болады. Өйткені бұл бағдарлама адамдардың тағдырымен байланысты,- дейді Президент әкімшілігінің басшысы.

Айта кетейік, 24 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев «Казахстанская правда» газетінде жарияланған «Заложники равнодушия» атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуге тапсырма берген еді. Тексеру қорытындысы бойынша оңтүстік өңірлерден қоныс аударғандарға дұрыс жағдай жасамаған екі ауданның әкімі қызметінен босатылған болатын.

Сонымен қатар ол бір-бірін танитын елді мекендерде сайлаудың нәтижесін бұрмалау мүмкін емес екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы