Өскеменде Abai175 көлігі таныстырылды

24 Ақпан 2020, 16:14
2975
Бөлісу:
Өскеменде Abai175 көлігі таныстырылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абайдың 175 жылдығына орай "Азия Авто" АҚ бес жүз LADA Granta көлігін шығармақ. Автомобильдер Classic жиынтығында болады. 

Біз бұл серияны ақын Абай Құнанбайұлының мерейтойына арнауды ұйғардық. Әр көлікте ақынның өлеңдері, қара сөздері жазылған кітаптың жиынтығы бар. 

a61c60f8-ead9-48b8-b3a5-45c26453c730.jpg

Сонымен қатар, Abai175 жазуы бар шильт арнайы дайындадық, - деді "Азия Авто" АҚ бас директоры Ерік Сағымбаев.

Сонымен қатар, компания осы жылдың басында "Қолжетімді автомобиль" бағдарламасын ашты. Ол арқылы қазақстандықтар 2 820 000 теңгеге жаңа көлік сатып ала алады. 

Ал Abai175 автокөліктері ақпан айының соңында сатылымға шығады.

Өзгелердің жаңалығы