"Абай әлемі" халықаралық байқауының жүлдегерлері анықталды

15 Шілде 2020, 21:39
2833
Бөлісу:
"Абай әлемі" халықаралық байқауының жүлдегерлері анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Отандастар қоры" мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы өткізген "Абай әлемі" халықаралық байқауында жүлде алған үздіктер тізімі жарияланды.

⠀1. Ваня Күнатқызы - Моңғолия, Баян-Өлгей аймағының тумасы, 21 жаста, 4-курс студенті.

⠀2. Балнұр Әлібекова - Өзбекстан Республикасы, Навои облысы, Кенимех ауданының тұрғыны, 18 жаста.

⠀3. Есболат Шалқар - Қытай Халық Республикасының азаматы, 24 жаста, М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті.

Байқауда бағы жанған 3 жүлдегерге де отандық "Туған елге саяхат" туристік пойызына тегін жолдама беріледі. Бүгінде жаһанды жайлаған қауіпті індетке байланысты Қазақстанға саяхат жасайтын сапардың уақыты қосымша хабарланып, шетелдік жүлдегерлер алдын ала құлағдар етіледі. Байқауға Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Иран, Қарақалпақстан, Украина және Беларусь елдерінде тұратын этникалық қазақ жастары (18 бен 35 жас аралығындағы қандастар) жолдаған 40 бейнеролик қабылданды - дейді ұйымдастырушылар.

Байқауда бақ сынасқан қандастардың қарым-қабілетін, қазақ тіліне деген құштарлығын ескере келе және ұлтымыздың ұлы ақынын ұлықтап, Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеудегі жастардың белсенділігін оң бағалай отырып, қазылар алқасы мына төмендегі қатысушыларға "Отандастар қоры" мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы атынан "Алғыс хат" табыс етіп, арнайы марапаттауды ұсынды:

⠀10 қатысушыға ынталандыру сыйлығы берілді.

⠀1. Әлия Шадхам - Иран Ислам Республикасы, 23 жаста.

⠀2. Жасаңгүл Кемелбекқызы - ҚХР, Шыңжан өлкесі, 22 жаста.

⠀3. Арманбек Жакейханұлы - Моңғолия, Баян-Өлгей, 20 жаста.

⠀4. Мария Кенбаева - Өзбекстан, Навои облысы, Тамды ауданында бастауыш сынып оқытушысы, 32 жаста.

⠀5. Әсел Ғалиева - Ресей, Түмен облысы, студент, 20 жаста.

⠀6. Гүлназ Десупова - Украина Республикасы, 34 жаста.

⠀7. Гүлжанат Қалижанова - Қарақалпақ Республикасы, 30 жаста.

⠀8. Нұргүл Олжабаева - Өзбекстан, Ташкент облысы, Бостандық ауданы, "Ең жас талапкер" 8-сынып оқушысы.

⠀9. Бақыт Тастілеуова - РФ, Саратов облысы, 18 жаста, студент.

⠀10. Гүлдана Нарынбетова - Өзбекстандағы қазақ ұлттық мәдени орталығы Навои облыстық бөлімшесінің мүшесі, 33 жаста.

Өзгелердің жаңалығы