Әбілқасымова халықтың борыш жүктемесін төмендету шаралары туралы айтты

2 Қыркүйек 2020, 09:35
2256
Бөлісу:
Әбілқасымова халықтың борыш жүктемесін төмендету шаралары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова онлайн өткен Үкімет отырысында айтты. 

Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында агенттік Үкіметпен бірлесіп «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасының талаптары бойынша, экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тың барлық қолданыстағы несиесі бойынша пайыздық ставкаларды жылдық 6 пайызға дейін мемлекеттік субсидияларды қамтамасыз етеді. Субсидиялау 16 наурыздан бастап 12 ай мерзімге беріледі, - деді ол. 

Ол атап өткендей, кредит алушыларды көбірек қамту мақсатында субсидияланатын кредиттер бойынша 20 пайыздан төмен емес мөлшерде белгіленеді. 

Бұл ретте орташа алғанда субсидиялау ставкасы 9 пайызға дейін болады. 2021 жылғы 1 шілдеге дейін екінші деңгейдегі банктер капиталының консервациялық буферіне қойылатын талап 1 пайыздық тармаққа төмендетілді. Банктер өтімділігіне қойылатын талаптар жеңілдетілді. Экономиканы несиелеуді ынталандыру үшін агенттік Ұлттық банкпен ірлесіп бірқатар шараны әзірлейді, - деді ол. 

Әбілқасымова Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ломбардтардың меншікті капиталына қойылатын талаптар күшейтілгенін айтты. 

1 қыркүйектегі жағдай бойынша 3,1 мың микрокредит субъектісінің ішінен 227 микроқаржы ұйымы, 2020 кредиттік серіктестік және 650 ломбард есептік тіркеуден өтті. Халықтың борыш жүктемесі тәуекелдерін одан әрі төмендету үшін агенттік кредиттік ұйымдардың жауапкершілігін арттыру және кредиттер бойынша сыйақының шекті шараларын саралайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы