Әблязовтың сыбайласы сотталды

20 Қазан 2020, 19:20
1515
Бөлісу:
Әблязовтың сыбайласы сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл 15 қазанында Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының Мұхтар Әблязовтың қылмыстық қоғамдастықтағы тағы бір сыбайласы, Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланған Рүстем Ибрагимов қатысты айыптау үкімі шықты. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сот оны банк ұйымдарында кәсіби қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Ибрагимов «БТА Банкі» АҚ №2 Корпоративтік бизнесті несиелік талдау департаментінің директоры, несиелеу жөніндегі басқарушы директор лауазымдарын атқарды және бас банктің несиелік комитетінің мүшесі болды. Ол қылмыстық қоғамдастықтың басшысы Мұхтар Әбілязовтың бақылауындағы компанияларға несие беру туралы заңсыз оң шешімдер қабылдауға жәрдемдесті. Бастапқыда Ибрагимов өз кінәсін мойындап, тергеуге көмектесті және ешқайда кетпеу және дұрыс мінез-құлық туралы қолхат берді, бірақ қылмыстық қоғамдастық басшыларының ықпалымен жасырынуға шешім қабылдады, - делінген агенттік хабарламасында.

Нәтижесінде, 2010 жылдан бастап Ибрагимов қамауға алу бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде болды. Ол Қырғызстан азаматының жалған құжаттарымен жасырынып жүрді.

Сонымен қатар, Ибрагимов 2017 жылғы желтоқсанда БАӘ құқық қорғау органдарына ұсталғаннан кейін, ол өзін Қырғызстан азаматы - Рустам Мұхтаров ретінде таныстыруды жалғастырып, Қазақстанның резиденттігін жоққа шығарды.

Тергеу органы 2 жылдан астам уақыт бойы Рустам Мұхтаровтың атына жазылған құжаттардың жалған екенін, оның Қазақстан азаматтығына жататынын дәлелдеп, оны Рүстем Ибрагимов ретінде тану туралы шаралар қабылдады.

Ол үшін Қазақстан, Қырғызстан және БАӘ құқық қорғау органдары жұмылдырылды.

Нәтижесінде, БАӘ Әділет министрлігі қазақстандық тарап ұсынған барлық дәлелдерді зерделеп, Ибрагимовтың құжаттары мен айғақтарының жалғандығына көз жеткізді және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.

Биыл 4 наурызда Ибрагимов Қазақстанға қайтарылды.

Әбілязовтың өзін қоса алғанда, халықаралық іздеуде жүрген 16 күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Іздеудегі бірнеше адам тікелей немесе өздерінің жақын туыстары арқылы Қазақстанға өз еркімен оралуға дайын екендіктерін мәлімдеді. Олардың келуіне жәрдемдесу және бұрын таңдалған жолын кесу шараларын жеңілдету бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл тек күдікті тұлғаларды іздестіру, ұстау және экстрадициялау бойынша ғана жүзеге асырылмайды.

Осы ретте, қазақстандық тарап бастамашылық еткен халықаралық тергеу тапсырмаларының негізінде Еуропалық Одақтың бірқатар елдері мен басқа юрисдикциялардың құқық қорғау органдары Әбілязов пен оның сыбайластарына қарсы өз тергеулерін бастады.

Осы өндірістер аясында тығыз халықаралық-құқықтық ынтымақтастық жүзеге асырылуда.

Өзгелердің жаңалығы