Activ-тен sms неге жолданбай қалды? – министр түсініктеме берді

4 Тамыз 2020, 16:25
2306
Бөлісу:
Activ-тен sms неге жолданбай қалды? – министр түсініктеме берді

Алматы, BAQ.KZ. ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушы Бағдат Мусин Activ байланысында болып жатқан келеңсіздікке қатысты түсініктеме берді.

Актив абоненттері екі күннен бері SMS жолдай алмауда. Осы мәселе бойынша Kсеll және Қазақтелеком басшылығымен келіссөздер жүргіздім. Олар жағдайды тұрақтандыру шараларын атқаруда, - деп жазды ол facebook-тегі парақшасына.
Оның айтуынша, бұл проблема eGov.kz порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мен сервистерді алу мүмкіндігіне кедергі келтіруде. 
ЕGov шлюзі SMS хабарлама жібереді, ал Kсеll оларды абоненттерге жеткізе алмауда. Бұл банктік сервистердің жұмысына кері әсерін тигізуде. Оператор басшылығы проблеманы қысқа мерзімде шешуге уәде береді, - деп жазды ол.
Айта кетсек, желіде Activ байланысын қолданушылар бірнеше күннен бері интернет нашарлап, хабарлама жібере алмай жатқандарын айтып шағымданған еді.


Өзгелердің жаңалығы