Адами фактор. ДСМ вакцинация паспортындағы қате түзетілгенін мәлімдеді

15 Мамыр 2021, 22:48
1970
Бөлісу:
Адами фактор. ДСМ вакцинация паспортындағы қате түзетілгенін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинация паспортындағы ағылшынша нұсқадағы қате түзетілгенін мәлімдеді.

Zakon.kz хабарлауынша, министрлік паспорттағы қате адами фактор салдарынан болғанын түсіндірді.

Қызметкер грамматикалық қате жіберді. Ол қате жөнделді. Нұсқаулыққа сәйкес парақшаны қайта ашып көру қажет, - делінген ДСМ хабарламасында.

Адами фактор. ДСМ вакцинация паспортындағы қате түзетілгенін мәлімдеді

Еске салсақ, бұған дейін экс-министр Руслан Дәленов вакцинация паспортының электронды нұсқасынан қате тапқанын хабарлаған еді. Онда coronavirus сөзінің ағылшынша нұсқасында «о» әрпі жазылып кеткені айтылды.


Өзгелердің жаңалығы