Адамның бар қызығы бала деген. Павлодарлық отбасы ағайынды 5 баланы бауырына басып, тәрбие беруде

15 Мамыр 2021, 16:32
3298
Бөлісу:
Адамның бар қызығы бала деген. Павлодарлық отбасы ағайынды 5 баланы бауырына басып, тәрбие беруде
PHOTO
Фото: автордан

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің тұрғындары Вадим мен Тамара Мороз ағайынды бес баланы бауырларына басып, саналы тәрбие беруде. 

Павлодар ауданына қарасты Розовка ауылының тұрғындарының туған үш баласы бар. Ұл-қыздары есейіп кеткен соң, бес баланы бірден асырап алуды шешкен. Осылайша Вадим мен Тамара аймақтағы алғашқы қабылдаушы отбасы атанды. 

Адамның бар қызығы бала деген. Павлодарлық отбасы ағайынды 5 баланы бауырына басып, тәрбие беруде

Сегіз баланың ата-анасы болған ерлі-зайыпты төрт жыл бұрын жасаған шешіміне бір минутқа да өкініп көрген емес. Тамара Мороз Розовка ауылындағы балалар үйінде тәрбиеші болып жұмыс істейді. Бес ағайынды, төрт қыз бен бір ұл бала балалар үйіне төрт жыл бұрын келген.

Адамның бар қызығы бала деген. Павлодарлық отбасы ағайынды 5 баланы бауырына басып, тәрбие беруде

Бес баланың туған ата-анасы қайтыс болған. Бұл балаларға көзім бірден түсті. Ұл-қыздар бір-бірінен ажырамай, әрдайым бірге жүретін болды. Осындай жақындастық пен тәрбиеге таң қалдым. Жалпы балалар үйіне әдетте екі-үш ағайынды балалар түсетін. Олардың көбінің ата-аналары бар, бірақ, құқықтарынан айырылған. Бірден асырап алғым келді. Үйге келіп, балаларым мен жолдасыммен ақылдастым. Ортақ шешімге келіп, құжаттарды жинастыра бастадық. Міне, біздің көпбалалы ата-ана атанғанымызға төрт жыл өтіп кетті. Барлығын туғанымдай көремін. Оларды «туған емес» деп айтуға дәтім бармайды. Жетімін жебеген халықпыз ғой. Әр бала - менің туғаным, - дейді Тамара Мороз.
Бүгінде үйдің үлкені Татьяна Старухина - жоғары оқу орнының студенті, спортшы. Қалғаны жергілікті мектепте білім алады. Үлгерімдері мен тәрбиесі жақсы. 

Адамның бар қызығы бала деген. Павлодарлық отбасы ағайынды 5 баланы бауырына басып, тәрбие беруде

2017 жылдың 17 мамырын ұмыта алмаспын. Себебі бұл - отбасымыздың туған күні. Тағдырдың жазғаны болар, үлкен жанұяның анасы болғанын мақтан етемін. Әр баламмен мақтан етемін. Бірі сурет салып, биді құмартса, екіншісі спортпен шұғылданады. Әрқайсысына қолдау көрсетуге тырысамыз, - дейді Тамара Мороз. 
Балалар отбасына келген сәттен бері Тамара Морозды «ана», ал Вадим Морозды «әке» деп атап кеткен. 15 мамыр - отбасы күні олар үшін дәстүрлі мереке. Үлкен жанұя дастархан басына жиналып, бір-бірін мейраммен құттықтайды.

Өзгелердің жаңалығы