Қарағандыда жоғалып кеткен әйелдің денесі контейнерден табылды

3 Желтоқсан 2019, 16:32
9581
Бөлісу:
Қарағандыда жоғалып кеткен әйелдің денесі контейнерден табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 желтоқсаннан бастап хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. 

Бұл туралы Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
3 желтоқсанында Қарағанды көшелерінің біріндегі металл контейнерден 1 желтоқсаннан бастап хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы тұрғынның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел іс-шаралар жүргізу барысында 36 жастағы күдікті ұсталып, қазіргі уақытта мойындау көрсетпе белгілерін беріп,тергеу амалдары жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы