Аида Балаева: Қазақ радиосын тыңдап өскен ұрпақпыз

30 Қыркүйек 2020, 18:22
1940
Бөлісу:
Аида Балаева: Қазақ радиосын тыңдап өскен ұрпақпыз
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қазанда Орынбордан ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының бастамасымен Ұлт үнжариясы – Қазақ радиосының бірінші рет хабар таратқанына 99 жыл болады. Осыған орай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева пікір білдірді.

Айтулы күнге орай Қазақ радиосындағы әріптестеріміз тыңдарманына ерекше сый дайындап отыр. Осы күнгі бағдарламаларды үндері көпшілік құлағында қалған радио ардагерлер – Ұлжан Пармашқызы, Сауық Жақанова, Аманжан Еңсебайұлы, Бүркіт Бекмағамбетов, Құсман Игісінов, Күләш Молдахметова, Әбдірәлі Бөлебай, Нұржан Жалауқызы жүргізеді. Келер жылы ғасырлық мерекесін атап өтетін, тәулік бойы бойы хабар тарататын еліміздің бірінші радиосын тыңдап өстім, тыңдап келемін. Оның үстіне, Сауық апамыздың ертегілерін, Аманжан ағаның қоңыр үнін естіп есейген ұрпақтың бірі ретінде бұл тартуды ерекше қабылдадым. Қазақ радиосы үнемі қосулы болсын! - деп жазды министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақ радиосының ардагер дикторлары радиоға қайта оралатыны жайлы хабарлаған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы