АІВА-ның кезекті конгресі желтоқсанда онлайн өтеді

25 Қазан 2020, 13:59
1241
Бөлісу:
АІВА-ның кезекті конгресі желтоқсанда онлайн өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық бокс қауымдастығының (АІВА) кезекті конгресі 2020 жылдың 12-13 желтоқсанында өтеді. Мұндай шешімді ұйымның атқарушы комитеті қабылдаған. 

АІВА президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мустахсан барлық ұлттық федерацияларға алдағы конгрестің форматы жөнінде хат жазған. Ұйым мүшелерінің басым бөлігі індет кезінде жиынның онлайн түрде өткенін қолдайды.  

Қазіргі жағдайда бұл шешім өте дұрыс деп ойлаймын. Біз әріптестеріміз қолданған үздік тәжірибелерді жүзеге асырамыз, - деді ол. 
Өзгелердің жаңалығы