Бас жаңалықтар
Әкемнің 90 жылдығы – айтулы мереке. Мақатаевтың қызы орыс тілінде құттықтау жолдады
VIDEO
09 Ақпан 2021, 17:20 10592

Әкемнің 90 жылдығы – айтулы мереке. Мақатаевтың қызы орыс тілінде құттықтау жолдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елордамызда «Мұқағали Мақатаевқа арнау» атты шара барысына орай  ақынның қызы Алмагүл Мұқағалиқызы мен оның жиені Роза видеоүндеу жолдады. 

Мен баршаңызды бұл меркемен құттықтаймын. Әкемнің 90 жылдығы тек біздің отбасы үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін үлкен мереке деп ойлаймын. Оның жырын сүйіп тыңдайтын, түсінетін адамдар үшін де бұл айтулы оқиға, - деді ақынның қызы.

Ал ақынның немересі Роза шараға тікелей қатысып отырмаса да, видеоүндеу арқылы жүздесіп отырғанына мүмкіндік бар екеніне қуанып отырғанын айтты. 

Менің атамның атын ұмытпай, есте сақтап жүргені мені қатты қуантады. Қазір әлемде күрделі жағдай болса да осындай шара ұйымдастырылып жатқаны адамдардың жанына жақын дүниені тауып жатқаны қуантады.  Менің атамның туындысынан баршаның жадында ұзаққа дейін сақталады деп үміттенемін. Шараны ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтамын,- деді ол.

Алмагүл Мұқағалиқызы мен оның қызы Роза жас ақындарға денсаулық пен жеңіс тіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның өсе беруіне тілек білдірді. 

Айта кетейік, ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай елордамыздағы жалпы орта білім беретін мектептердің үздік «Жас сарбаздарының» қатысуымен «Мұқағали Мақатаевқа арнау» атты шара өткен еді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...