Ақмола облысында санитарлық талаптарды бұзушылар азаймай отыр

17 Қаңтар 2021, 14:20
1029
Бөлісу:
Ақмола облысында санитарлық талаптарды бұзушылар азаймай отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Ақмола облысы коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша «қызыл аймақта» орналасқанына бір аптадай болды. 

Сонымен бірге, мобильді мониторингтік топтар Ақмола облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын бұзушыларды анықтауды жалғастыруда.

Өткен сенбі күні облыс орталығында – Көкшетау қаласында қызметіне тыйым салынғанына қарамастан «Орталық базар» сауда үйінің, «Мечта» сауда үйінің, «Рубин» сауда үйінің бөлімшелері жұмыс істегені туралы шұғыл хабарламалар келіп түсті.


«РИО» сауда және ойын-сауық орталығында да бұзушылықтар анықталды. Кейбір бөлімшелердің сатушылары сатып алушыларға мүлдем бетпердесіз қызмет көрсеткен. COVID-19 жұқтыру жағдайларына жүргізілген талдаулар нәтижесі бойынша, сырқаттанғандардың едәуір пайызы көлемі 2 000 шаршы метрден асатын ірі сауда орындарына бару кезінде індетті жұқтырған болып отыр. Сондықтан облыс көлемінде демалыс күндері сауда және ойын-сауық ортақтары мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылған, - деп хабарлады Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.

Өзгелердің жаңалығы