Ақмолалық полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады

3 Наурыз 2021, 07:21
2393
Бөлісу:
Ақмолалық полицейлер коронавирусқа қарсы вакцина алуды бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Полиция департаменті госпиталінің мәліметтеріне сәйкес, оларға «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Алғашқылардың бірі болып екпе алғандар қатарында Полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары бар. Бүгінгі таңда вакцина алғандар тізімінде 50-ден астам адам бар. 

Бұл патрульдік полиция қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары, олар алдыңғы шепте қызмет етеді және басқа қызметтердің қызметкерлеріне қарағанда халықпен тікелей қарым-қатынаста болады. Айта кету керек, COVID-19 дертіне байланысты 11 мыңға жуық тәртіп сақшысы тексерілді, олардың шамамен 3%-ында вирус анықталды. 

Медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға вакцина егілмейді. Ал денсаулығында кінәраты жоқ қызметкерлер бүгін осы вакцинаны ала бастады, – деп атап өтті госпиталь бастығы Анаргүл Мұхитқызы Мұқашева.



Өзгелердің жаңалығы