Ақмоланың шалғай ауылдарында жылжымалы вакцина пункттері жұмыс істеуде

6 Мамыр 2021, 12:56
862
Бөлісу:
Ақмоланың шалғай ауылдарында жылжымалы вакцина пункттері жұмыс істеуде

Ақмола, BAQ.KZ тілшісі. Ақмола облысының шалғай елді мекендерінде жылдымалы вакцина пункттері жұмысын бастады. Арнайы медициналық жабдықтар орнатылған 19 көшпелі егу бригадасы шалғай ауыл тұрғындарына екпе жасауда.

1 ақпаннан бастап ақмолалықтар ресейлік «Спутник V» немесе «ГамКовидВак» вакцинасымен егілуде. Тұрғындар вакцинаның отандық және шетелдік аналогтарын таңдай алады. 

Вакциналар өндірілу әдісімен ерекшеленеді. «Спутник V» – бұл векторлық вакцина, ал «QazVac» және «HayatVax» - химиялық жолмен залалсыздандырылған және вирустың белсенді емес бөлшектерін қамтиды. Қолдану әдісі бойынша ерекшеленбейді. «Спутник V» вакцинасы бойынша енді бірінші және екінші компонент арасындағы аралық ұзартылды. 21 сәуірден кейін алған адамдар 45-ші күні ала алады. «Спутник V» - де бірінші және екінші компоненттер ерекшеленеді және бес дозалы, қалған екі компонент бір дозалы, - дейді Ақмола облысының бас санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина. 

Оның айтуынша, жаңа вакциналардың тағы бір ерекшелігі – температура режимі. Соңғысы арнайы тоңазытқышты қажет етпейді. 

Егер бірінші кезеңде бізде тек медицина қызметкерлері мен құқық қорғау органдары егілсе, бүгінде кез келген адам екпе ала алады. Облыс бойынша 86 екпе кабинеті ашылды, олар демалыссыз жұмыс істейді. Мұндай кабинеттер барлық емханаларда және көптеген сауда үйлерінде де ашылған. Көкшетаудағы «Тәуелсіздік» алаңында жылжымалы мобильді кешен және 100-ден астам мобильді топ жұмыс істейді. Вакцинация пункттері 22.00-ге дейін жұмыс істейтіндіктен, жұмыстан кейін де екпе алуға болады. Мекен-жай анықтамасы талап етілмейді, - деп қосты бас санитарлық дәрігер. 

Бүгінде облыс бойынша 51 мың адам екпе алды. Бірақ бұл кәмелетке толмаған халықтың жалпы санының 9,5 пайызы ғана. 60 пайыз егілгеннен кейін карантиндік шектеулерді, соның ішінде маскаларды алып тастауға болатынын айтады бас санитар дәрігер. 

Медицина қызметкерлері демалыстан шыққан кезде немесе іссапардан кейін ПТР-дан өз есебінен өтуі керек болатын, ал бүгінде екі компонентті алғандардан ПТР-тест талап етілмейді. Бұл вахталық қызметкерлерге де қатысты. Медициналық мекемелерде жатқан пациенттерге туыстары вакцинациядан толық өткен соң ғана бара алады, - деді Айнагүл Мусина. 

Оның мәліметінше, өңірде санэпидахуал тұрақсыз күйінде қалып отыр. 5 сәуірден бастап Ақмола облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта орналасқан. 

Күн сайын КВИ-дің 140-қа жуық жаңа жағдайы тіркеледі. Оқушылар арасында да аурудың өсуі байқалады. Егер сәуір айының басында 5-6 бала тіркелсе, қазір тәулігіне 25-ке дейін анықталады. Жеті мектеп онлайн форматқа көшірілді. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектеп қызметкерлері арасында 500-ден астам жағдай тіркелді, - деп түйіндеді бас санитар дәрігер.

Өзгелердің жаңалығы