Бас жаңалықтар
АҚШ-та 16 жасқа толған америкалықтар вакцина ала алады
20 Сәуiр 2021, 16:16 193

АҚШ-та 16 жасқа толған америкалықтар вакцина ала алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгіннен бастап АҚШ-тың барлық штатында 16 жасқа толған америкалықтар ковид вакцинасын ала алады, деп хабарлады «Хабар 24». 

Массачусетс, Нью-Джерси, Вермонт және Гавайи штаттары – екпені ересектерге қолжетімді етуге көшкен соңғы штаттар. Осы орайда Президент Байден америкалықтарды вакцина алуға және қолдағы бар мүмкіндікті кейінге қалдырмай дереу пайдалануға шақырды. Елдің ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, осы уақытқа дейін 131 миллион америкалық, яғни елдегі барлық ересектердің тең жартысы вакцинаның бір компонентін алып үлгерген. Екпенің екінші дозасы 84 миллион адамға салынған. 

Ковид індетімен күресуде жаңа деңгейге жеттік деп толықтай айта аламыз. Бүгіннен бастап барлық штаттағы 16 жасқа толғандар вакцина қабылдай алады. Осы жолда мыңдаған маман тартылып, 60 мың вакциналау орталығы жұмыс істеуде. Вакцина дозалары және қоры жеткілікті, - деді  Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Дженнифер Псаки.

Күн сайын миллиондаған америкалық вакциналанып жатыр. 

Алайда бұл індетті жұқтырып жатқандар мен ауруханаға түсіп жатқандар да көп. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың арасында ковидпен ауырып жатқандардың саны артып келеді. Сол себепті арақашықтық сақтау, қауіпсіздік шараларына мұқият қарауды қаперімізде ұстауымыз керек, - деді АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенски.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...