АҚШ таяу уақытта вакцинаның дайын екенін жарияламақ

23 Қазан 2020, 16:55
1431
Бөлісу:
АҚШ таяу уақытта вакцинаның дайын екенін жарияламақ

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. АҚШ таяу уақытта коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын екенін жарияламақ. Бұл туралы korrespondent.net жазды.

Вакцина дайын болысымен АҚШ 100 млн дозасын тұрғындарға екпек.

Мұны АҚШ Президенті Дональд Трамп кеше сайлауалды теледебат кезінде айтты. Оның айтуынша, вакцинаның дайын екенін олар алдағы аптада жариялайтын болады. Оны таратумен Пентагон айналысады. Сондай-ақ ол вакцинаны жасаушы компаниялар тізімін де атап өтті. Олардың қатарында Johnson&Johnson, Moderna, Pfizer сынды кәсіпорындар бар. 

Дебат барысында NBC телеарнасының тілшісі Кристен Уэлкер Трамптан «лауазымды тұлғалар АҚШ-та вакцина 2021 жылы ғана пайда болады» деп мәлімдеуін қалай түсінуге болатынын сұрады.

Жоқ, менің атаған мерзімім олардыкінен нақтырақ деп ойлаймын. Олар вакцинаны таратуда мен сияқты әскерилерге үміт артып отырмаған сияқты, - деп жауап берді ол.

Өзгелердің жаңалығы