Ақтауда «Интернационал-мектеп» жұмыс істейді

30 Сәуір 2021, 17:35
1327
Бөлісу:
Ақтауда «Интернационал-мектеп» жұмыс істейді
PHOTO
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығында №23 жалпы білім беру мекемесін өңір тұрғындары осылай деп атап кеткен.

Ақтауда «Интернационал-мектеп» жұмыс істейді

Бұған негіз де жоқ емес. Білім ордасында 25 ұлт өкілі сабақ береді. Интернационал-мектепте жиырмадан астам ұлт пен этностан тараған 2 мыңға тарта оқушы оқиды.

Әр дәріс арасында қоңырау соғылысымен сыныптардан тәжік, татар, өзбек, грузин, удин, тіптен британ балалардың шыққанын көріп, қайран қалу мүмкін емес. Ұлты өзге педагогтардың арасында еңбек өтілі 30-40 жылдан асқандар көп.

Мәселен Нина Савченко есімді ұстаз Украинада педагогикалық институт аяқтаған. Сол кездегі үрдіске сәйкес бұрынғы Шевченко, қазіргі Ақтау қаласына жолдамамен жұмысқа жіберіледі. Сол кезден бастап 45 жыл бойы сабақ беріп келеді.

Ақтауда «Интернационал-мектеп» жұмыс істейді

Көпті көрген мұғалім сан ұлттың өкілін білім нәрімен сусындатын отырған мектеп өлке тарихында алғаш рет балалар Ассамблеясын құрушылардың бірі.

Біздің мектебізде балалар Ассамблеясы 1998 жылы құрылды. Ол кезде оннан астам әр түрлі ұлттың балалары білім алушы еді. Кейін құрамы толықты. Бүгінде 25 ұлт пен этностан тарайтын жеткіншектерді ортақ Отанамыз – Қазақстанның дамуына үлес қосатын азамат болуына тәрбиелеп жатырмыз, - деді Нина Савченко.

Ақтауда «Интернационал-мектеп» жұмыс істейді

Балалар Ассамблеясың жұмысы үшін мектептен арнайы бөлме бөлінген. Мұнда сабақтан тыс дәрістер өткізіледі. Бұл жерде балалар әр ұлттың салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен әрі құрылу тарихымен танысып, білгісі келген сұрақтарына жауап ала алады.

Бұйырса, мен биыл мектеп бітіремін. Өз ұлтым украин. Ал достарымның дені қазақ, татар, башқұрт, корей халқының өкілдері. Барлығымыз өте татумыз. Келешек мұратым - отандық жоғары оқу орнын аяқтап, елімнің көркеюіне өз үлесімді қосу. Балалар Ассамблеясының бізге берері мол, - деді Ксения Походняк есімді 11-сынып оқушысы.

№23 жалпы білім беру мектебі директорының орынбасары Гүлрайхан Омашқызының айтуынша, ынтымағы жарасқан ұстаздар қауымы Ақтаудағы этно-мәдени орталықтармен өте тығыз әріптестік қарым-қатынас орнатқан.

Ақтауда «Интернационал-мектеп» жұмыс істейді

Мәселен қандай да бір мемлекеттік мереке, не болмаса күнтізбеде белгіленген атаулы датаға байланысты мәдени шараларды және спорттық сайыстарды жиі ұйымдастырамыз. Қазіргі пандемия уақытында бұл жұмыстар тоқтаған жоқ. Көп жағдайда онлайн түрде ұйымдастырып келеміз. Мектебімізде 2730 бала оқиды, - деді ол.

Ұлты удин, тәжік, татар оқушыларға украин, армян, башқұрт және қазақ мұғалімдер сабақ береді. Жалпы бұл мектепте 200-ге жуық педагогика саласының маманы жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігін жастар құрайды.


Өзгелердің жаңалығы