Ақтауда тұрғын үйге түлкі кіріп кеткен

7 Наурыз 2021, 18:28
2944
Бөлісу:
Ақтауда тұрғын үйге түлкі кіріп кеткен
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтауда үйлердің бірінде жабайы жануар видеоға түсіп қалған.

Lada хабарлауынша, жабайы түлкі 6 наурыз күні «Сандықтас» тұрғын үйіне кіріп кеткен. Аңның үй кіреберісінде қалай пайда болғаны белгісіз. 


Видеода байқасаңыз, түлкі үйден шығу жолын іздеп қабырғаға жабысып тұр. Кейіннен видео авторлары түлкіге сыртқа шығуына көмектескен. 

Осы оқиғаға қатысты «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің басшысы Кирилл Осин пікір білдірді.  

Оны пәтерде ұстап, қашып кетті деу. Немесе оны жібере салғанды деу екіталай. Егер бұл ең соңғы үй болса, ол аштан-аш айдаладан қашып келген болуы мүмкін, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы