Ақтаудағы жаңа шағын аудандарға жол салынып жатыр

28 Сәуір 2021, 14:29
1512
Бөлісу:
Ақтаудағы жаңа шағын аудандарға жол салынып жатыр

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыс орталығының «Шығыс-2» және «Шығыс-3» деп аталатын мөлтек аудандарында жол мәселесі соңғы кездері жиі көтеріліп жүр.

Қала билігі тұрғындардың арыз-шағымына биыл құлақ асқан сыңайлы. Жоспар бойынша екі шағын ауданда қоса алғанда жалпы аумағы 10 мың метрге жуық жерге автомобиль жолы салынады. Өз кезегінде, бұл 30-ға тарта көшеге асфальт жабынды төселеді деген ұғымды білдіреді.

«Ақтау қалалық автомобиль жолдары және жолаушылары көлігі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Бекасыл Алхамовтың сөзінше, осы мақсатқа жергілікті бюджеттен қаржының әзірге тек бір бөлігі бөлініп тұр.

Осы себепті шағын ауданішілік жолдардың белгілі бір бөлігіне асфальт төсеу жоспарланып отыр. Біз алдымен тұрғындармен кездестік. Олардың өтінішіне сәйкес көлік қозғалысы жиі жүретін негізгі көшелерден жұмысты бастау ұйғарылды. Жобалық-сметалық құжаттары әзір. Мердігер мекеме анықталды. Сондай-ақ «Шығыс-2» және «Шығыс-3» мөлтек аудандары ішінде жалпы көлемі  20 мыңнан аса шаршы метрді құрайтын жаяу жүргіншілер жолдарын салу да күн тәртібіне қойылды - деді әкімдік қызметкері.

Өзгелердің жаңалығы