Актер Михаил Ефремов ауруханадан шықты

15 Тамыз 2020, 22:00
1502
Бөлісу:
Актер Михаил Ефремов ауруханадан шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік актер Михаил Ефремов ауруханадан шықты деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы агенттікке оның қорғаушысы Эльман Пашаев айтқан.

Ол қазір үйінде. Оны әлі өзім көрмедім, диагнозы қандай болғанын білмеймін, - деді заңгер.
Айта кетейік, сейсенбі күні ресейлік актер Михаил Ефремов ауруханаға түсті. Оны Пресненск сотының ғимаратынан Боткинск ауруханасына инсульт алған болуы мүмкін деген диагнозбен алып кетті. Оның ісіне қатысты сот отырысы 18 тамызға ауыстырылды.

Еске салайық, 8 маусымда Мәскеу орталығында ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатына ұшырап, жүргізуші қайтыс болғаны хабарланды. Ол сот отырысында апат кезінде не болғаны есінде жоқ болған соң кінәсін мойындамайтынын мәлімдеген болатын.



Өзгелердің жаңалығы