Актив және пассив кіріс жайлы не білесіз?

16 Мамыр 2021, 17:57
6946
Бөлісу:
Актив және пассив кіріс жайлы не білесіз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлтық банктің Қаржы нарығын реттеу агенттігі халықтың қаржылық сауатталығын арттыру мақсатында Fingramota.kz. парақшасында кіріс түрлеру жайлы ақпарат жариялады.

Актив кіріс – бұл белгілі бір қызмет нәтижесінде алынған тұрақты кіріс. Мысалы, жалақы немесе сіздің бизнесіңізден түске пайда. Пассив кіріс – бұл сіздің күнделікті жұмысыңызға қарамастан үнемі түсетін ақша. Пассив кірісті күтпеген жағдайлар немесе негізгі кірісті жоғалту жағдайында қауіпсіздік жастықшасы деп санауға болады.

Пассив кіріс дегеніміз не және оны қалау алуға болады туралы толығырақ - Неліктен пассив кіріс маңызды?

Пассив кіріс «бір рет жасалды – сіз әрқашан аласыз» қағидаты бойынша әртүрлі құралдардан қалыптасады. Ол кейбір қауіпсіздік жастықшасын жасау үшін ғана емес, сонымен қатар автокөлік сатып алу немесе шетелде демалу сияқты өз қалауыңызды жүзеге асыру үшін ақша табудың тәсілі.

Пассив кірісті жоспарлауға байыпты қарау керек. Алдымен оны қалыптастыру үшін қанша қаражат қажет екенін және сізде осындай сома бар-жоғын анықтау керек. Егер жоқ болса, оны негізгі кірістен жинау керек. Қанша уақыт және қандай жиілікпен – бұл нәтижесінде сіздің қандай пассив кіріс алғыңыз келетініне байланысты.

Мерзімдер мен сомалар нақты болуы керек. Жоспарларды айқындап алып, ең қолайлы құралдарды таңдауға болады.

Пассив кірістің негізгі нұсқалары:

Банк салымы.Банктегі салым — пассив кіріс алудың классикалық тәсілі. Бұл – ең қарапайым тәсіл. Сіз белгілі бір ақша сомасын банкте сақтайсыз, банк ол үшін сізге пайыз төлейді. Сіз кепілдікпен және тұрақты түрде кіріс алып отырасыз. Бірақ мұндай пассив кіріс сіздің барлық қажетіңізді жабуы үшін алдымен үлкен мөлшерде инвестиция салу керек.

Бағалы қағаздарға инвестициялау. Пассив кірістің бір түрі – қор нарығына инвестициялау. Инвестициялаудың негізгі заңы: кіріс тәуекелмен мөлшерлес болады, кіріс өссе – тәуекел де өседі. Егер сіз тәуекелге баруға дайын болсаңыз, сізде бос қаражат болса және кепілдендірілген депозиттер ұсынғаннан гөрі көбірек пайда тапқыңыз келсе, қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздарға инвестиция салуды игеруіңіз керек.

Бастау үшін аз мөлшерде инвестиция салуға болады. Жаңадан бастаушыға ең оңай жолы – биржада ұсынылған бағалы қағаздарды сатып алу, сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жоғары бағамен сату. Мұндай кіріс – кездейсоқ сәттілік емес, ойластырылған әрекеттердің нәтижесі. Инвестициядан шынымен-ақ пайда табу үшін сізге мол күш-жігер жұмсауға, оның қыр-сырын үйренуге және одан да көп ойлануға тура келеді.

Инвестициялық қор пайлары. Инвестициялық пай қоры, қысқарған түрде ИПҚ, бұл – қордың пайларын сатып алу және кейіннен оларды түрлі қаржы құралдарына инвестициялау арқылы инвесторлар – жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын жинауға арналған қор. ИПҚ-ны тиісті лицензиясы бар, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы – басқарушы компания құрады.

Инвестициялық қордың пайларын сатып алу инвестордың ИПҚ сенімгерлік басқару шартына қосылуын және оның иесінің қор мүлкіндегі үлесіне құқығын растайды.

Өзгелердің жаңалығы