Бас жаңалықтар
Ақтөбе ФК Қазақстанның премьер лигасына шықты
26 Қазан 2020, 19:53 154

Ақтөбе ФК Қазақстанның премьер лигасына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Құрметті жерлестер! Өздеріңізге белгілі Ақтөбе ФК Қазақстанның премьер лигасына шықты. Бұл қуанышты жаңалық! Осы нәтижеге қол жеткізу үшін біраз тер төгілді. Қазір құрамадағы ойыншылардың басым бөлігі өзіміздің жергілікті ақтөбелік футболшылар. Осы елдің азаматы ретінде бұл игі үрдісті жалғастыруды міндетім деп санаймын, - деп жазды әкім.
Ол аймақ басшысы ретінде клуб экономикалық қиындыққа тап болғанда қаржы дағдарысынан шығарып, байырғы деңгейіне жеткізу үшін көп күш жұмсағандарын айтты.
Ол үшін облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебін биыл жаңадан даярладық. Жаңа газон төселіп, футболға керек заттар алынды. Аймақ басшысы ретінде клуб экономикалық қиындыққа тап болғанда қаржы дағдарысынан шығарып, байырғы деңгейіне жеткізу үшін көп күш жұмсадық. Жанкүйерлердің ортақ үйіне айналған Орталық стадионды клубтың сенімгерлік басқаруына бердік. Бұл өз кезегінде ойыншылардың алаңсыз тыңғылықты жаттығуына үлкен сеп берді. Сонымен қатар осы жылы футзалдан шағын командамыз Қазақстан Кубогінен күміс медаль иеленді. Енді жерлестеріміз келесі жылы чемпиондар лигасында жақсы ойын көрсетеді деп білемін. Құрметті жанкүйерлер! Алдағы уақытта сүйікті командамыз ел ішінде және халықаралық деңгейде көптен күткен үмітімізді ақтайды деп сенемін!, - деп атап өтті Оразалин.


Фото: дереккөз
Загрузка...